Алматыда "қоқыстан жасалған үздік арт-нысан" байқауының жеңімпазы анықталады

Сурет: pixabay
Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында "қоқыстан жасалған үздік арт-нысан" байқауын жариялады.

Байқауға кез-келген ниет білдіруші шақырылып, қатысты. Суретшілер, мүсінші, сәулетшілер мен өнер сүйер қауым белсенділік танытты. Өтінімдер биылғы жылдың 12-30 сәуірі аралығында қабылданды.

Барлығы 30-дан астам өтінім келіп түсті. Оның 15-і конкурстың барлық шартына сәйкес келіп, мақұлданды. "Қоқыстан жасалған үздік арт-нысан" байқауының қорытындысы 8 мамыр күні сағат 14.00-де "Мусорги" флешмобы аяқталғаннан кейін шығарылады.

Жүлде қоры (демеушілік қаражат есебінен) :

Конкурстық комиссияның құрамына Қастеев атындағы мұражай директорының орынбасары С. Кобжанова, "Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі" КМҚК Алматы қаласы тарихы мұражайы бөлімінің басшысы А. Хожамұратова, "Aspan" қазіргі заманғы өнер галереясының директоры М. Қалиева, қазіргі заманғы өнердің кураторы әрі зерттеушісі В. Ибраева, "Artbat Fest" фестивалінің ұйымдастырушысы В. Слудский, Econetwork жобасының негізін қалаушы Мұхамеджанов Е.

Байқаудың негізгі мақсаты — тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау әрі ластану проблемаларына назар аудару, тұрғындарды тәртіпті, тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ынталандыру.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты