Шымкентте полицейлер жоғалған баланы тауып, отбасына қайтарды

Сурет: ҚР ІІМ
"102" арнасына 5 жасар баланың жоғалғаны туралы хабар түсті. Жергілікті тұрғын ұлының аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткенін жеткізді.

Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтижесіз болған соң, азаматша полицияға көмек сұрап жүгінген. Жоғалған баланы іздестіруге Қаратау ауданы полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары жұмылдырылды.

Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақты түгелдей шолып , жергілікті тұрғындардан сұрастырды. Нәтижесінде бала көрші аулалардың бірінен табылып, аман-есен отбасына қайтарылды.

Өз кезегінде әбден аландаған ата-ана құқық қорғаушыларға жедел жұмысы үшін шынайы алғысын білдірді.

Полицейлер балалардың қатысуымен қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін азаматтарды перзенттеріне мұқият болуға, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты