Рақымжан Қошқарбаевтың 100-жылдығына арналған көрме ашылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы музейінде жеңіс туын тіккен халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай "Ерліктің өшпес даңқы" атты көрме өтіп жатыр.

Экспонаттар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер әскери-тарихи музейі мен Алматы музейі қорларынан алынған. Онда Ұлы Отан соғысы батырларының фотосуреттері, құжаттары мен марапаттары, соғыс кезіндегі қару-жарақтар бар.

Сондай-ақ Кеңес Одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов және 1945 жылы Жеңіс шеруіне қатысқан, Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Андрей Георгиевич Платаевтың әскери киімдері мен медальдары да көрме экспозициясына қойылды.

Көрме 13 мамырға дейін жалғасады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз