Ақтөбе облысында заңсыз жүрген шетелдік азаматтар елден шығарылды

Сурет: ҚР ІІМ
"Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Ақтөбе облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері ел аумағында заңсыз жүрген 100-ге жуық шетелдікті анықтады.

Ақтөбе қаласының аумағында жақын шетел азаматтары жеке басын анықтайтын құжатсыз құрылыс объектілерінде заңсыз жұмыс жасаған.

Полициямен көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Іс-шара барысында заңсыз жүрген 100-ге жуық шетелдік азамат анықталды. Қазіргі уақытта сот органдарының шешімімен 61 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды.

Оның ішінде көші-қон полициясы қызметкерлері тиісті құжаттары жоқ шетелдіктерді консулдықтар арқылы құжаттандыра отырып, еліне қайтару жұмыстарын жүргізді.

Ақтөбе облысы полиция департаменті облыс тұрғындарына шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан Қазақстан азаматтары да әкімшілік жауапкершілікке тартылатын еске салады.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы