Лондон полициясы қазақстандыққа кісі өлтірді деген айып тағып отыр

Сурет: pixabay
Лондонда (Ұлыбритания) адам өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 11 мамырда жергілікті полицияға сілтеме жасап Kazinform-ның Лондондағы меншікті тілшісі хабарлады.

"30.12.1986 жылы туған Баймолда Бәйбітке сейсенбі күні, 7 мамырда кісі өлтірді деген айып тағылды. Сәрсенбіде, 8 мамырда Темза магистратурасының сотына келді", - делінген хабарламада.

6 мамыр күні кешкі сағат 21:00 шамасында Лондондағы аудандардың бірінде 42 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен. Қаза тапқан адамның денесінде пышақ жарақаттары бары анықталған. 

"Оқиға орнында кісі өлтірді деген күдікпен Бейбіт пен 33 жастағы әйел ұсталды. Бейбітке жоғарыда көрсетілген айып тағылды. 33 жастағы әйел тергеу шаралары аяқталғанға дейін босатылды", - деді Лондон полициясы. 

Kazinform тілшісінің хабарлауынша, Баймолда Бейбіт Қазақстаннан Ұлыбританияға 2023 жылдың мамыр айында 6 айға маусымдық жұмыс визасымен келген. 

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты