Алматы полициясы өзгенің көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады

Сурет: Zakon.kz
Алматы тұрғынының көлігін өртеп жіберген азамат ұсталды. Ол анонимді тапсырыс берушінің айтқанын ақша үшін орындағанын мойындады.

Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегіне қатысты қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар басқа адамдардың және тапсырыс берушінің жеке басын, сонымен қатар оның себебін анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді, Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз