Көбінесе әлемде жапырақты ағаштардан тұратын үлкен саябақтар "қаланың өкпесі" саналады.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен ағаштарды жаппай отырғызу 27 сәуірде өтті. Акция барысында қаланың барлық ауданында барлығы 8 205 жасыл желек, оның ішінде 4 мыңнан астам алма ағашы отырғызылды.
Сонымен қатар, "Жасыл аула" акциясы аясында қала тұрғындарына 3 мың көшет, "Алматы – бақ қала" жалпықалалық акциясы барысында 8 мыңнан астам көшет таратылды.
Биыл 19 сәуірде барлық жалпы білім беретін мектептерде "Мектеп ауласының оазисі" ландшафты дизайн фестивалі өтті. Фестиваль аясында 5-11 сынып оқушылары 20 мыңнан астам гүл, 430 жеміс ағашы және 200 туя көшеті отырғызылды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елді мекен аумағын абаттандыру және көгалдандыру туралы "Таза Қазақстан" акциясы аясында Алматы қаласы әкімдігі 2024 жылғы 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанын өткізді. Науқанның негізгі мақсаты – қала инфрақұрылымына ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халықты жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.