Ақтөбеде бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе қаласы прокуратурасымен мектептерде жүргізілген тексеру кезінде бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады.

2023 жылдың ішінде бухгалтерлер жымқыру мақсатында өз есепшоттарына заңсыз ақша аударған.

Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 22 млн. теңгеден астам құрады.

Сонымен қатар, жұмысты толық орындамаған мердігерлерге бюджет қаражатын төлеу деректері де анықталды.

Барлық құқық бұзушылық деректері бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігімен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды