Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жазға дейін жабылды

Сурет: Zakon.kz
Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылының бойында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде.


Жұмысқа байланысты 16 мамыр мен 1 маусым аралығында Тәуелсіздік даңғылының Р.Қошқарбаев даңғылынан Нәжімеденова көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жартылай жабылады", - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бұған дейін Астананың сол жағалауындағы бірқатар жол учаскелері 25 мамырға дейін жабылатыны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды