Төтенше жағдай басталғалы Құлсарыға қанша гуманитарлық көмек жеткізілді

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 2024 жылдың 20 мамырында Жылыой аудандық гуманитарлық көмек орталығында 60-қа жуық ерікті тұрғындарға азық-түлік таратуға жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Құлсары қаласындағы еріктілер штабының жетекшісі Жанаргүл Шарғабаеваның айтуынша, бүгінде пунктте азық-түлік қоры жеткілікті.

"Халыққа азық-түлікті белгілі бір кесте бойынша таратамыз. 500-ге жуық отбасын барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырмыз. Қазір 20 тонналық фурамен Атыраудан гуманитарлық көмек келді, оларды 4 пункт арқылы таратудамыз. Бүгінгі таңда ұн, мұздатылған құс етінің, жұмыртқа, жарманың, жаялық пен төсек жабындысының қоры жеткілікті." Жанаргүл Шарғабаева

Құлсарыға тез бұзылмайтын азық-түлік, гигиеналық құралдар мен тұрмыстық химиядан тұратын гуманитарлық көмек облыс орталығынан келеді.

Қазіргі уақытта төтенше жағдай басталғаннан бері Жылыой ауданына 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді.

2024 жылдың 18 мамырында Жедел штаб Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталатынын хабарлады. Бүгінгі таңда әрқайсысының ауданы 80 шаршы метрді құрайтын 74 стандартты үйге арналған алаңқайлар анықталды. Тұрғын үйлер облыстық бюджет және демеушілік қаражат есебінен салынады.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды