Алматы облысында азық-түлік жеткізушілер жетім балалардан пайда тапты

Сурет: wikimedia
Алматы облысында Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘҚБ) жоғары бағамен сатып алу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 мамырда Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, бүгінде орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленуде.

"Агенттікпен анықталғандай жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген. Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майын - 63% (600 тг/л алып, 977 тг/л сатқан), қантты – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс." Қаржы мониторингі агенттігі

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету жолымен қайта қаралды.

Сондай-ақ, Агенттік қабылдаған шаралар нәтижесінде өңірдің бірқатар балабақшалары жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендете отырып, қосымша келісімдер жасасты.

Қаржылық мониторингі агенттігі "AФM Insider" телеграм ботына (https://t.me/afm_insider_bot)экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау мүмкіндігін еске салады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған