Алматы облысында интернет-алаяқтардың құрбандарына 8 млн теңгеден астам шығын өтелді

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы облысында жыл басынан бері интернет-алаяқтардың құрбандарына сегіз миллион теңгеден астам шығын өтелді.

Бұл туралы криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов, Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

"14-16 мамыр аралығында облыс аумағында Аnti-fraud республикалық жедел алдын алу іс-шара өткізілді, оның мақсаты – технологияларды пайдалану арқылы жасалған құқық бұзушылықтарға, сонымен қатар интернет-алаяқтықтарға қарсы күресте тиімділікті арттыру", – дейді Р.Смағұлов.

Іс-шара барысында OLX онлайн-жарнама платформасы арқылы жоқ тауарларды сатумен айналысқан Әзірбайжан Республикасының 28 жастағы азаматы ұсталды. Сонымен қатар, онлайн-несие рәсімдеп, алаяқтықпен айналысқан әйел адам анықталды.

Қазіргі уақытта оның осындай 10 фактіге қатысы бар екендігі дәлелденді. Жедел-профилактикалық іс-шара қорытындысы бойынша полицейлер интернет-пайдаланушыларға қатысты алаяқтықтың 17 фактісін ашты, оның ішінде бұрын жасалған 14 қылмыс және контрафактілік өнімді сатудың 3 фактісі ашылды.

Анықталған қылмыстардың көпшілігі интернеттегі алаяқтықтың әр түрлеріне, соның ішінде фишингке, жеке мәліметтерін ұрлауға және заңсыз қаржылық операцияларға қатысты болды. Интернет-дүкендер мен әлеуметтік медиа платформалар арқылы таратылатын контрафактілік өнімдерге ерекше назар аударылды.

"Жыл басынан бері облыс аумағында интернет-алаяқтықтың 427 фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта жәбірленушілерге 8 млн 789 516 теңге өтелді. Әрине, бұл сома шамалы, бірақ құқық қорғау органдары халық арасында ауқымды профилактикалық жұмысты жалғастыруда. Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын жерлерде 37 акция өткізіліп, 13 000-нан астам парақшалар таратылды. Қоғамдық орындарда 12 билборд және 9 LED-экран орнатылды", – деп толықтырды Р. Смағұлов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік