Алматы полицейлері бірнеше мопед ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады

Сурет: Zakon.kz
Алматы полицейлері бірқатар ұрлық жасаған 22 жастағы жігітті ұстады.

Тергеудің осы кезеңінде жас жігіттің 5 ұрлыққа қатысы бар екендігі белгілі болды.


"Күдіктінің ұрлық кезіндегі әрекеті камераларға жазылып қалған. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, заңсыз баю мақсатында қылмыс жасағанын айтты. Ол қараусыз қалған көліктерді анықтап, оларды ұрлап кеткен. Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел және тергеу шаралары жалғасуда. Күдікті қамауға алынды", — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді