Астанада бес жасар баланы құтқарған оқушы 1 миллион теңге алды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ақан Әлімжановпен және оның отбасымен кездесіп, қайғылы оқиғаның алдын алғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ақан Әкімжановпен және оның ата-анасымен кездестім. Ақан өзінің жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. 7-сынып оқушысы 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды.Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр! Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде!Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетеміз", - деп жазды Астана әкімі Instagram-дағы парақшасында.

20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған.

Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.

"Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді", - деп хабарлады Астана әкімдігі.

Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: