Бүгін Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылып жатыр

Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 25 мамырда Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, елімізде 186 мың түлек мектеп қабырғасымен қоштасып жатыр.

Қазір мектептерде "Мектебім, саған мың алғыс" тақырыбындағы салтанатты шара өтіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Светлана Жұмаділдаева 2024 жылғы 15 мамырда ОКҚ-да өткен брифинг барысында мектептерде соңғы қоңырау шарасын өткізу форматындағы өзгеріске қатысты түсінік берген еді.

"Оқу-ағарту министрі түлектерге осы жылы бір аудиторияда бас қоса отырып, бітіру кешінің жылулығы мен естеліктеріне толы соңғы қоңырауды өткізудің жаңа форматын айқындауды ұсынатынын хабардар етті. Біз оларға оның форматын өздеріңіз ойластырасыздар, бұл квест бола ма, хакатон бола ма немесе ата-аналармен бірге өткізілетін кеш бола ма, өздеріңіз шешесіздер дедік. Бұл арада мәселе барша баланы мерекеден айыру деген болған жоқ. Мектепте жаңа форматты ұсына отырып, біз осыған дейінгі шығынды дәстүрден бас тартуды қарастыруға тырыстық. Өздеріңіз білесіздер, бұл күні барлық көшеде көліктер кортежі пайда болады, ата-аналар қатты шығындалады, барлық ата-ананың қалтасы мұндай шығынды көтере де бермейді, бітіру кештерін мейрамханаларда өткізуге ұмтылады, 25 мамырда мейрамханаларды жаппай жалдайды. Біз осының алдын алғымыз келді", - деді Светлана Жұмаділдаева.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме