Қостанайда бала терезеден құлап кетті

Сурет: pixabay
Қостанайда үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Оның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Оқиға 25 мамыр, сенбі күні түстен кейін жеке үйдің аумағында болған.

Сәби түрлі жарақат алып, Қостанай облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы Zakon.kz тілшісіне баланың жағдайы туралы хабарлады.

"Сағат 13:25-те 2021 жылы туған бала түскен. Диагнозы: тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап, жарақат алған. Баланың бел аймағындағы жұмсақ тіндер көгерген. Оның жағдайы орташа ауыр".

Ведомство науқастың облыстық балалар ауруханасында толық ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз