Астанада – қар, Алматы мен Шымкентте – жауын-шашынсыз: 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамы

Сурет: unsplash
Zakon.kz тілшісі алдағы үш күнде – 2024 жылдың 28 мамыры мен 30 мамыры аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын білді.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, елордада қар жауады, еліміздің екі ірі мегаполисінде жауын-шашын болмайды.

Астанада:

28 мамыр – көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°С, топырақ бетінде -1°C аяз, күндіз +12+14°C;

29 мамыр – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +18+20°С;

30 мамыр – көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа бұрылған жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +14+16°С.

Алматыда:

28 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +22+24°С;

29-30 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа бұрылған жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +20+22°С.

Шымкентте:

28-29 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +25+27°С;

30 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +27+29°С.

Бұған дейін синоптиктер қазақстандықтарға жаңбырдан қайда жасырынуға болатынын айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды