Құлсарыда мыңнан астам тұрғын баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды

Сурет: Zakon.kz
Атырау облысының Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен 1100 тұрғын баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды.

722 адамға баспана сатып алуға және 443 тұрғынға үйін жөндеуге қаражат берілген. Бүгін техникалық зерделеу қорытындысын қайта қарау жұмыстары басталды.

Мамандар тұрғындардың берген өтінішінде көрсетілген ескертулерді назарға алып, жұмыс істейді. Бүлінген кәсіпкерлік нысандар да тексеруден өтіп жатыр. Бүгінге дейін 140-тан астам бизнес ғимаратын бағалау жұмыстары аяқталды.

"Көрпе тігетін екі станогым, жүн түтетін станогым, іс-машиналардың неше түрі бар және жүн жуатыным бар еді, бәрі жарамсыз боп қалды. Оценщиктер келді, бәрін қарап кетті. Ақшасы көңілімнен шығып тұр." Гүлбану Жұмақұлова, Құлсары қаласының тұрғыны
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды