Қазақстан үкіметі резервтен тағы 40 миллиард теңгеге жуық қаржыны не үшін бөлгені белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында медициналық мекемелерді салу және жаңғырту үшін Үкімет резервінен 39,9 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды. Шешім 27 ақпандағы Үкімет отырысының хаттамасын орындау шеңберінде қабылданды.

Ұлттық жоба ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.

Оның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысандарын салу және орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту көзделген.

Жобалар жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) әзірлігіне қарай өңірлердің әкімдіктерінен берілген өтінімдерге сәйкес қаржыландырылады. Осыған байланысты Үкімет резервінен 39 млрд 987 млн теңгеден астам қаражат ауылдық елді мекендерде ЖСҚ дайын 297 алғашқы медициналық көмек нысанын салуға бағытталады. Олардың ішінде медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар бар.

Сонымен қатар бөлінген қаражаттың бір бөлігі:

Шиелі көпсалалы орталық аудандық ауруханасының ғимаратына қосымша блокты жапсарлас сала отырып, күрделі жөндеуге және сол жерде 30 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысына аударылады.

2024 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Риддер қаласындағы жұмыстарды күшейтуге үкіметтік резервтен қосымша қаражат бөлу туралы өкімге қол қойғаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы