Прокуратура коммуналдық қызметтер бағасын заңсыз көтеруді анықтады

Сурет: pixabay
Сарыағаш ауданының прокуратурасы аудан аумағында коммуналдық қызметтер көрсететін "Сарыағаш Тұрмыс" МКК қызметіне талдау жүргізді.

Талдау барысында кәсіпорынның уәкілетті органның тарифті бекіту туралы күшін жойған бұйрығын қолдану нәтижесінде 2022-2023 жылдары 51 кәсіпкер сарқынды суларды қабылдау қызметі үшін негізсіз 38 млн теңгеден астам қаржыны артық төлегені анықталды.

Сондай-ақ кәсіпорынның бұрын енгізілген уақытша өтемдік тарифті қолданбауы және ауыз сумен қамтамасыз ету қызметтері үшін тариф мөлшерін өз бетінше асыра белгілеу салдарынан 2022-2023 жылдары 14 елді мекеннің 24 025 абоненті жалпы 8 708 289 теңге қаражатты негізсіз артық төлеген.

"Осылайша Кәсіпорын 24 076 тұтынушының құқықтарын бұзған." Түркістан облысының прокуратурасы

Аталған бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасы аудан әкіміне және Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне прокурорлық қадағалау актілерін енгізді, Кәсіпорын Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4,7 млн теңге айыппұл салынды, 2 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Тұтынушыларға келтірілген залал уақытша өтемдік тарифін енгізу арқылы өтелетін болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты