Алматыда 87 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда жыл басынан бері 19 483 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11 896 – тұрақты, 7 587 – уақытша. Бұл туралы Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша 87 025 жұмыс орнын құру жоспарлануда (68 387 – тұрақты, 18 638 – уақытша).

Қалалық мобильділік орталығына өтініштер бойынша жұмыспен 20 462 адам қамтылды: тұрақты жұмыс орындарына – 2 725 адам, субсидияланатын жұмыс орындарына – 7 587 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 519 адам, жастар практикасына – 134 адам, қоғамдық жұмыстарға – 6 770 адам, күміс жасқа-122 адам.

Статистика деректері бойынша 2023 жылы жұмыс күшінің саны 1 098 мың адамды құрады, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 46 мың адамға артық, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны – 1 045,5 мың адам (47,5 мың адамға өсім).

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды