Елордада полицейлер тұрғынның телефонын қолды қылған қалта ұрысын ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы аудандық полиция басқармасына зейнеткер хабарласып, бейтаныс жігіт оның екі телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Қарт кісінің айтуынша, кешкі уақытта ол тұрғын үйдің ауласында жүргенде жанынан өтіп бара жатқан жігіт абайсызда онымен сүйкеніп өткен.

Біраз уақыттан кейін ер адам қалтасынан жасырын ұрланған екі телефонның жоғалғанын аңғарған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тергеушілер ұрлыққа қатысы бар тұлғаны – бұрын сотталған 23 жастағы күдіктіні анықтады.

Тергеу барысында ол келесі күні қоғамдық автобуста келе жатып жолаушының күртесінің қалтасынан Samsung A51 телефонын ұрлағаны да белгілі болды.

Ұрланған телефондар анықталып, ұсталған азаматтан тәркіленді.

Қазіргі уақытта жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды