Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезінді

Сурет: Indiana university
2024 жылдың 31 мамыры күні таңертең Жамбыл облысындағы Қордай ауылының тұрғындары 2 баллдық жер сілкінісін сезінді. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "ННЦНИ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мәліметі бойынша, 31 мамырда Астана уақыты бойынша 10 сағат 13 минут 30 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан батысқа қарай 132 шақырым жерде орналасқан.

Қуаты 2 балдық жер сілкінісін Қордай тұрғындары сезді.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы да Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болғаны туралы хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Бішкектен солтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жерде болғаны атап өтілді. Жер сілкінісінің күші 4,4 баллды құрады.

Бұған дейін "Жер-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Қазақстанның тоғыз облысында өтетіні хабарланған болатын.

Шара 3 және 4 маусымда еліміздің сейсмикалық қауіпті аймақтарында өтеді. Атап айтқанда: Алматы, Шымкент, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды