Алматы полициясы алаяқтардың жалған хабарламаларын жария етті

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы полиция департаменті жәбірленушінің "басшысы" атынан жиі әрекет ететін алаяқтардың хат-хабарламалары бар фотоколлаж дайындады.

Диалогта жалған бастық қарамағындағы қызметкеріне құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тексеру жұмыстары туралы айтып, талап қояды.

Алматы полициясы, қазіргі уақытта, күдіктілер Whatsapp және Telegram мессенджерлерінде аккаунт ашып, аватарларына мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін қойып, кенеттен "ҚР ҰҚК-нен тексеріс" келіп жатыр деп, қол астындағы қызметкерлерге ақшаны жедел түрде әртүрлі үшінші тұлғалардың шоттарына жіберу қажеттігі туралы жазатын алаяқтық әрекеттері жиілеп кеткенін ескертеді.

Өкінішке қарай, бұл тізбекті пайдаланып алдайтын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан азаматтардың алаяқтардың арандатушылықтарына бой алдырмай, мұндай хабарламалар келген кезде оқиға туралы бірінші кезекте өзінің тікелей басшысына хабарлауы өте маңызды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды