Алматыда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні қандай іс-шаралар өтеді

Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай түрлі іс-шаралар, соның ішінде мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру, Әнұранды орындау, автошеру, тақырыптық көрмелер, мерекелік концерт жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің берген мәліметіне сай, 4 маусым күні сағат 11:00-де "Медеу" биік таулы спорт кешенінің алаңында мемлекеттік Туды көтеру және Әнұранды орындау салтанатты рәсімі өтеді.

15:00-де Әлеуметтік қызметтер үйінде қоғам қайраткерлерінің, тарихшылардың, сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және жастардың қатысуымен "Көк тудың желбірегені" тақырыбында конференция өтеді.

16:00-де "Алатау" дәстүрлі өнер театрында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Н. Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің "Менің елім" патриоттық концерті өтеді.

Қаланың барлық аудандарында мерекелік концерттер өтеді:

Әуезов ауданы:

Сағат 10:00-де – Әуезов ауданы әкімі аппаратының алдында (Алтынсарин даңғ, 23) - ҚР мемлекеттік Әнұранды орындау және мемлекеттік Туды көтеру бойынша флешмоб.

10:00-де І ауысым, 15:00-ІІ ауысым "Шыңға өрлеу" әлеуметтік клубында "Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11:00-де – жалаушалармен безендірілген 12 машинамен автошеру. Автошеру бағыты им Н. Сац атындағы ТЮЗ-ден басталып, одан әрі шеру Саин көшесімен Райымбек даңғылына дейін және кері қарай Саин көшесімен Жандосов көшесіне дейін жылжиды,

17:00-де – "Рәміздер-ел мәртебесі" фотокөрмесі (Мамыр-1, 29/7).

Жетісу ауданы:

12:00-де "Кемел" мәдениет үйінде "Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – ұлттық мақтаныш" атты дөңгелек үстел өтеді.

Алатау ауданы:

09:00-де – Алатау ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда ҚР Әнұраны салтанатты түрде орындалады.

10:00 – де ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған веложарыс Б.Момышұлы көшесі бойымен Б. Момышұлы мен Мөңке би көшелерінің қиылысынан "Алматы Арена" мұз айдынына дейін.

Алмалы ауданы:

В 11:00 – ҚР Әнұранын салтанатты түрде орындау.

Күні бойы – Арбатта ( Панфилов көшесі, 101,103 үйлерінің балконына) және "Алматы" қонақүйіне ҚР Туы ілінеді.

Бостандық ауданы:

11:00-де "Атакент" аумағында "4 маусым – Рәміздер күні" мерекесіне орай Әнұран салтанатты түрде орындалады.

14:00-де Ұлттық кітапханада "Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбынды, Туымен тұғырлы" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Наурызбай ауданы:

10:00-де Амфитеатрда 100 сарбаз, 30 курсант, ардагерлер, балабақшалар мен "Шыңға өрлеу" әлеуметтік клубының балалары, аудандық қызметтердің, басқармалардың және аудан әкімдігінің қызметкерлері Әнұранды орындайды. Сондай-ақ, Инновациялық шығармашылық орталығының 45 домбырашысы Балбырауын, Ерке сылқым күйлерін домбырада тартады.

10:00-де Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағында амфитеатрда "Мемлекеттік рәміздер" тақырыбында көрме өтеді.

11:00-де Абай - Саин - Шаляпин - Әшімов - Жандосов - Карьерная көшелерінің бойымен автошеру өтеді.

Түрксіб ауданы:

11:00-де №6 оқушылар үйінің алдында "4 маусым – Рәміздер күні" мерекесіне орай ҚР Әнұраны салтанатты түрде орындалады.

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: