Біріккен Араб Әмірліктерінен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды

Сурет: pxhere
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен алдау және сенімді теріспайдалану жолымен ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін күдіктіні экстрадициялады.

Ол 2010 жылдың қазан айында жәбірленушіден АҚШ-тан "Роллс-Ройс"маркалы автокөлікті жеткізу үшін 50 млн теңгеден астам ақшасын алып, кейін бой тасалап қашып кеткен.

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздестіруге жарияланды. Күдікті Қазақстанның құқық қорғау органдарынан 10 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келді.

Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Іздеушіні экстрадициялау Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы дайындаған 2009 жылғы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімнің арқасында мүмкін болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстан жолдарына лазерлік жүйелер орнатылып жатыр: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады

Жасанды интеллект қауқарсыз болды: Ford жұмыстан қысқарған инженерлерін қайта шақырды

Қазақстан сиыр етін экспорттауға алты айлық шектеу енгізбек