Елордада полицейлер дәмханадан телефон ұрлаған күдіктіні ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның iPhone 11 телефонын ұрлап кеткенін айтқан.

Тергеу барысында күдіктінің дәмханаға түскі ас ішуге барғаны анықталды.

Тамақтанып болған соң, күдікті кассада ешкімнің жоқтығын, ал есепшоттың үстінде телефонның тұрғанын байқап, ұрлық жасап, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ұстаған ер адам кінәсін мойындады.

Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді