Абай облысында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды

Сурет: Zakon.kz
Ақсуат ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсау кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның барысында аудандағы оқу орындарының қызметкерлеріне 14,7 млн теңге заңсыз төленгені анықталды.

Прокуратура шараларымен артық төленген сома мемлекетке қайтарылды.

"Бұдан басқа, мектеп есепшілерінің бірімен 1,3 млн теңге қаражатын ұрлау фактісі анықталды." Абай облысының прокуратурасы

Есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, ақшаны жеке шотына аударған.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тегеп тексеруді бастады.

Сот үкімімен бұрынғы есепші ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігінің 3) - тармағымен (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасымен қаржы ұйымдарда белгілі бір лауазымды атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды