Алаяқтар Алматы полиция бастығының атынан жалған хабарламалар таратып жатыр

Сурет: ҚР ІІМ
What’sApp және "Telegram мессенджерінде белгісіз біреулер өз профиліне Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың суретін пайдаланып, азаматтармен хат жазысып, алаяқтық әрекеттерге бармақ болған.

Алматы полициясы, қазіргі уақытта, күдікті Whatsapp және Telegram мессенджерлерінде аккаунт ашып, аватарларына мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін қойып, кенеттен "ҚР ҰҚК-нен тексеріс" келіп жатыр деп, қол астындағы қызметкерлерге ақшаны жедел түрде әртүрлі үшінші тұлғалардың шоттарына жіберу қажеттігі туралы жазатын алаяқтық әрекеттері жиілеп кеткенін ескертеді.

Өкінішке қарай, бұл тізбекті пайдаланып алдайтын жағдайлар жиі кездеседі.

"Сондықтан азаматтарға күдіктілердің арандатушылықтарына бой алдырмай, мұндай хабарламалар келген кезде, оқиға туралы бірінші кезекте өзінің тікелей басшысына хабарлауы өте маңызды", – деді Алматы полиция департаменті.

Осыған байланысты Алматы полициясы сақ және қырағы болуға кеңес береді. Мұндай жағдайларда диалогты тоқтатып, полицияға хабарлау қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз