Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 81 шетелдік анықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Еңбек мигранттарын пайдалануға тыйым салынғанына қарамастан, жосықсыз жұмыс берушілердің көші-қон заңнамасын бұзуы көбейіп жатыр.

Төрт күн ішінде "Заңсыз келуші" ЖПІШ заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 81 шетелдік пен 23 жұмыс берушіні анықтады.

"Мысалы Павлодар қаласындағы тұрғын үйдің бір құрылыс объектісінде жұмыс істеу барысында шетелдік 11 азамат анықталып, ұсталды. Олар рұқсат құжаттарынсыз елордалық құрылыс ЖШС-нің бірінің әрлеушісі ретінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырды. Осы факті бойынша ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды", – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Сонымен қатар шетелдік төрт азамат ұсталды, олар уәкілетті органның рұқсатынсыз қалалық ЖК-нің бірінде жұмысшы ретінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырды.

Қазіргі уақытта дара кәсіпкерге қатысты ҚР көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды.

Өзбекстан Республикасының үш азаматына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды және біреуіне елден шығару түрінде жаза қолданылды. Жалпы, іс-шараның 4 күні ішінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 191 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктердің келгені туралы хабарламағаны үшін 73 қабылдаушы жауапқа тартылды.

"Сотқа 136 материал жіберілді, оның ішінде әкімшілік материалдар – 134, қарау нәтижелері бойынша ТМД-ның 20 азаматына қатысты оларды елден шығару туралы шешім қабылданды. 32 шетелдіктің болу мерзімі қысқартылды", – деп қорытындылады ведомствода.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды