Тоқаев Конго Республикасы Президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына қатысты мәселелерді талқылады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франсуаза Жолиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамытуға деген шынайы ниеттің белгісі саналатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы биыл елдеріміз дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтетініне тоқталып, Конго Республикасымен ықпалдастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Франсуаза Жоли құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Президент Дени Сассу-Нгессоның ізгі тілегін жеткізді.

Кездесуде Конго Республикасы Президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына қатысты мәселелер, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды