Қарағандыда екі бала терезеден құлап кетті

Сурет: pixabay
Қарағанды өңірінде соңғы екі күнде екі бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның алғашқысы облыс орталығындағы ықшамаудандардың бірінде, бес қабатты тұрғын үйде болған. Үш жастағы бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған, деп жазады almaty.tv.

"Дәл осындай оқиға 9 маусымда Балқаш қаласында болған. Мұхамеджанов көшесінде 2 жастағы бала 5 қабаттан құлап кеткен. Бұл – жыл басынан бергі жетінші оқиға. Қарағанды облысының төтенше жағдай департаменті тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауын ескертеді. Арнайы қорғаныс құралдары болуы керек. Терезенің тұтқасын бүлдіршіндер өз бетімен аша алмайтындай етіп бекіту тиіс", – деді Төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері Нұрлыбек Нұрмағанбет

Абырой болғанда, аталған оқиғаларда адам өлімі жоқ. Ал терезеден құлаған балалар дене жарақатымен ауруханаға түскен. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды