Алматыда кезекте тұрғандарға 20 үйдегі пәтер кілті табысталды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласында Medeu city ТҮК орналасқан 20 үйде халықтың әлеуметтік осал тобына жататын тағы да 86 кезекте тұрған жандарға пәтер кілті табысталды.

Баспананы көптен күткен тұрғындарды қуантқан салтанатты іс-шаралар легі жалғасып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 25 мамырда алғашқы 124 кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды, ал 28 мамырда бұл тізімге тағы 164 адам қосылды, 30 мамырда кезекте тұрған 105 жан баспаналы болса, енді кезекте тұрған төртінші лектен 111 адамға 5 маусымда баспана бұйырды.

"Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал тобының тізімі бойынша кезекте тұрған азаматтарға кезектілік тәртібімен қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан екі мың жалға берілетін пәтер беру жоспарланған, оның 400-і жетім балаларға беріледі. Сондай-ақ, пәтерлерді басқа адамдарға жалға беруге және қайта жоспарлауға болмайды. Жаңа пәтерлердің кілтін беру бойынша іс-шаралар жалғасады және жақын арада тағы жүздеген кезекте тұрған жан жаңа тұрғын үйге қоныстанады", - деді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Жаңа пәтер иелері бұл көптен күткен үлкен қуаныш екенін атады.

Үш ұлдың анасы Айман Нұртаева эмоциясын жасырмады.

"Мен өте ризамын, қуаныштымын. Бұл сәтті ұзақ күттік, 2011 жылы кезекке тұрдық. Біз үшін бұл үлкен қолдау", - деді Алматы қаласының тұрғыны Айман Нұртаева.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты