Алматыда 26 қайырымдылық мекемесінің заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді

Сурет: pixabay
2024 жылдың мамырында прокуратураның "Жібек Жолы" Қайырымдылық мекемелерінің қауымдастығы Заңды тұлғалар бірлестігіне 26 мекеменің мемлекеттік тіркеуінің күшін жою және тарату туралы талап-арызын қанағаттандыру жөніндегі шешімі заңды күшіне енді.

Бұрын жүргiзiлген тексерулер, мекемелердiң жұмысы iс жүзiнде олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келетінін және олардың кейбiреулерi бiлiм беру қызметiн лицензиясыз жүзеге асырғанын анықтаған.

Балалардың білім, тәрбие және уақтылы медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары, айтарлықтай бұзылған.

Тексеру барысында мекемелердің діни бағыты расталған және Қазақстан Республикасының Мұсылмандар діни басқармасы "Жібек жолымен" жасалған меморандумды бір жақты тоқтатты.

Заң нормаларын бұзған бірқатар аталған мекемелер мен олардың басшылығына қатысты қылмыстық істер қозғалды (кәмелетке толмағанды өз-өзіне қол жұмсауға жеткізген, тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни араздықты қоздырған, сот экстремистік және террористік деп таныған әдебиеттер табылған).

"Қазіргі уақытта мекемелерде тұрған балаларды отбасыларына қайтару жұмыстары жүргізілуде." Алматы қаласының прокуратурасы
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік