Шымкентте полицейлер жоғалған 3 жасар баланы ата-анасына қайтарды

Сурет: Zakon.kz
Еңбекші ауданының аумағындағы көпқабатты үй ауласында үлкендердің қарауынсыз ойнап жүрген бүлдіршін туралы хабарды патрульдік полицейлер таңғы сағат 5-те қабылдаған.

Шақырту бойынша жедел жеткен тәртіп сақшылары тілі анық шықпаған баланың ата-анасы мен мекенжайын анықтау мақсатында жергілікті тұрғындардан сұрастырып, үйме-үй аралап шықты.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, жеткіншек әкесіне аман-есен тапсырылды.

Белгілі болғандай, бала таң сәрісімен үйдің ашық қалған есігінен көрші аулаға ойнауға шығып кеткен. Өз кезегінде, баланың туыстары полицейлердің қызметіне шын жүректен алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Осы орайда, полиция балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін, оларға мұқият болып, көзден таса қалдырмауларыңызды сұрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз