Батыс Қазақстан облысында жоғалған 19 жастағы жігіт бес күннен бері табылмай жатыр

Сурет: instagram/policebqo
Батыс Қазақстан облысында жоғалған 19 жастағы жігіт бес күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан полиция басқармасының мәліметінше, 10 маусымда Бәйтерек ауданы Рубежка ауылының тұрғыны полицияға арызданған, ол 2005 жылы туған ұлы Исраилов Игорь Виталиевич 6 маусым күні 08:20 шамасында үйінен шығып кеткенін және әлі күнге дейін оралмағанын айтқан.

Полицейлер аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы оның жүрген жерін анықтауға жұмылдырылған.

Бүгін жас жігіттің із-түссіз жоғалуының егжей-тегжейі белгілі болды.

"Оның жұмыс іздеп кеткені анықталды. Бұрын ол бірнеше рет туыстарына ескертпестен кетіп, шаруа қожалықтарында  жұмыс істеген. Егер кімде-кім оның орналасқан жері туралы қандай да ақпарат білсе, полицияға "102" нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін