Елімізде әлеуметтік өнімдердің бағасы төмендеп жатыр

Сурет: primeminister.kz
Үкіметте сенбі күні, 15 маусымда, вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына қатысты жағдай қаралды.
"Бір апта ішінде 10 түрлі тауардың, атап айтсақ: қырыққабат (9,7%), пияз (1,3%), қарақұмық жармасы (1,1%), тауық еті (0,6%), күріш (0,4%), күнбағыс майы (0,4%), макарон өнімі (0,2%), қант, сүзбе және ұн бағасы (0,1%) төмендеді. Жалпы, елімізде негізгі азық-түлік бағасының индексі 0,1%-ға төмендеп отыр. Баға 11 облыста, әсіресе Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында айтарлықтай төмендеді", — деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

Оңтүстік өңірлерде ерте пісетін көкөністерді жинау науқаны басталып жатыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, ерте пісетін картоп – 219 мың тонна, қырыққабат – 105 мың тонна, сәбіз – 32 мың тонна, пияз – 66 мың тонна көлемінде күтілуде. Бұл көлем маусым-шілде айларында халықтың аталған көкөністерге деген қажеттілігін қанағаттандыруға жеткілікті.


"Өндірушілерден мегаполистерге тікелей жеткізуді қамтамасыз ету үшін Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарындағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің тізімі құрылды, барлығы 900-ден астам кәсіпорын. Мәліметтер Астана, Алматы және Шымкент әкімдіктеріне көкөністерді жеткізу келісімдерін жасау үшін берілді", — деп атап өтті Ербол Тасжүреков.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин әкімдіктерге алдағы маусымаралық кезеңде ерте пісетін және күзгі көкөністерді жеткізу үшін келісімге отыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды