Жаслан Мәдиев Қазақстанның тас жолдарында интернет қашан пайда болатынын айтты

Сурет: primeminister.kz
2024 жылғы 18 маусымдағы үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ел жолдарында интернет қашан пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаслан Мәдиев республикалық жолдарды мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін тиісті цифрлық инфрақұрылым қажет екенін айтты.


"Бүгінде әкімдіктер 2025-2026 жылдарға республикалық маңызы бар жолдар бойындағы 243 антенналық діңгек құрылымдарының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуде", - деді ол.

Министрдің айтуынша, 13 антенналық діңгек құрылымдары бойынша оң сараптамалық қорытындылар алынған. Тағы 141 антенналық діңгек құрылымдары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, ал 84 антенналық діңгек құрылымдары бойынша әкімдіктер 2024 жылдың үшінші тоқсанында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша конкурстық рәсімдерді бастауды жоспарлап отыр.

23 мамырда "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов қазақстандық пойыздарда интернеттің қашан және қандай түрі пайда болатынын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз