Өзбекстанда шегірткеге қарсы күрес үздіксіз жүріп жатыр

Сурет: pixabay
Өзбекстанда шегірткеге қарсы күрес күн-түн демей жүріп жатыр. Әсіресе, көрші елдермен, оның ішінде Қазақстанмен шектесетін аймақтарға ерекше көңіл бөлінуде.

Зиянкестің таралу қаупі жоғары аудандарға қосымша техника жұмылдырылған.

Жызақ, Науайы, Самарқан облыстары, сондай ақ, Қазақстанмен іргелес жатқан Қарақалпақстандағы алқаптар басты назарда.

Химиялық өңдеу шараларымен қатар бақылау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінген, деп жазады qazaqstan.tv.

Өсімдік қорғау саласының өкілдері шекаралас өңірлерде жәндіктің таралу қаупін азайту мақсатында арнайы шараларды қолға алды.

"Бүгінде сексеуіл бүкір шегірткесін жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жәндік күн сайын 50-60 шақырым ұшады, негізінен сексеуіл жапырағын жейді. Егіс алқаптарына зиянын тигізбеуі үшін химиялық өңдеуге бар күшті жұмылдырған жөн." Нодирбек Туфлиев, ШМ қарасты Өсімдіктер карантині және қорғау ғзи зертхана меңгерушісі
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі