Қостанай облысында әлеуметтік желіде тыйым салынған діни материалдарды бөліскен шетелдік ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрақты негізде діни қатынастар саласында, оның ішінде шетелдік азаматтар арасында жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларын жүргізеді.

Мәселен, маусым айының басында жақын шетелден келген қонақ діни мазмұнды ақпаратты орналастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Instagram парақшасында ол діни сипаттағы бейнелерді жариялаған. Бұл фактіні полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында анықтады.

"Діни бірлестіктердегі Діни қызмет туралы" Заңға сәйкес діни мазмұндағы материалдарды тек ғибадат үйлерінде, рухани ұйымдарда, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген орындарда орналастыруға жол берілетінін білгеніңіз абзал.

"ҚР діни қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін құқық бұзушыға 50 АЕК (129 220 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды", – деді басқарма бөлімінің бастығы Рафик Гасанов.

ПД жыл басынан бері осындай 8 фактінің анықталғанын атап өтті, оның ішінде 2-еуі таяу шетел азаматтарына қатысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды