Астанада полиция фотосалоннан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Сурет: Zakon.kz
Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері фотосалоннан ұрлық жасады деген күдікпен 53 жастағы ер адамды анықтады.

Белгілі болғандай, полицейлерге сауда нүктесінің қызметкері хабарласып, салон ішінде белгісіз біреудің кәсіби фотоаппаратын ұрлап кеткенін айтқан.

Тәртіп сақшылары жұмысының нәтижесінде, ер адамның Абылай хан даңғылындағы фотосалонға келгені анықталған.

Сатушының жоқтығын байқаған күдікті қылмыстық ниетпен, фотографтың құнды камерасын, сонымен қатар витринадан бірнеше фотоальбомдарды жымқырып кеткен.

Ол ұрланған заттарды алдағы күндері сатуды көздегені белгілі болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның астанада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды