Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

сурет: unsplash
Синоптиктер Zakon.kz тілшісіне Қазақстан тұрғындарын алдағы үш күнде – 2024 жылғы 22 маусым мен 24 маусым аралығында қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтып берді.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей өңірлерде қатты нөсер жауады.

"Жақын күндері Қазақстанның бүкіл аумағы дерлік циклондық белсенділіктің ықпалында болады – найзағай ойнап, екпінді жел соғады, еліміздің батысында, солтүстігінде және солтүстік-батысында бұршақ жаууы мүмкін. 22-23 маусымда республиканың батысында, 22-24 маусымда солтүстік-батыста, 22 маусымда солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Синоптиктер күндіз ауа температурасының көтерілуі күтілетінін де атап өтті:

Бұған дейін синоптиктер 2024 жылдың 21 маусымы, жұма күні Қазақстанның бес қаласында зиянды қоспалардың жоғары деңгейі күтілетінін ескерткен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз