Субұрқаққа түсу несімен қауіпті – мамандар жауабы

Сурет: Zakon.kz
Мамандар субұрқақтағы суға түсуге болмайтынын жиі ескертіп жатады. Ол несімен қауіпті. Бұл сауалға алматылық мамандар жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан телеарнасының "Таң шолпан" бағдарламасына берген сұқбатында Алматы қаласы әкімдігінің маманы субұрқақта тоқпен жұмыс істейтін сорғылар барын айтады.

"Әрине, оның жұмыс істеуі үшін электр сымдары жүргізіледі. Сондықтан бұл арада тоқ ұру қаупі бар. Оның үстіне күннің ыстығында бірден мұздай суға түскенде кейбір адамдар талып қалады немесе аяқ-қолы тартылып, суға тұншығып қалып жатады", - дейді ол. 

Ал Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Эльмира Хуснутдинова субұрқақтағы су жиі ауыстырылмайтынын, ашық тұрғандықтан оған қаңғыбас ит-мысықтар, құстар шомылуы мүмкін екенін айтады.

"Сондықтан онда бактериальды, вирустық, паразиттік инфекциялар, оның ішінде конюктивит, вирустық гепатит, жіті ішек аурулары, гельмитті инвазиялар болуы ықтимал", - дейді ол.

Айта кетсек, 19 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ территориясында субұрқақ жанынан бозбала өлі күйінде табылған болатын

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі