Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ территориясында абитуриент бозбала өлі күйінде табылды
Марқұмның денесі университеттің кіре берісіне қарама-қарсы орналасқан субұрқақтың жанынан табылды. Кісі өліміне не себеп екені әлі айтылмайды.
Әлеуметтік желідегілер жас жігіттің субұрқаққа түсіп, шомылмақ болған шығар деп болжайды.
Instagram-дағы 100 baksoff парақшасында келтірілген алдын-ала ақпаратқа сәйкес, марқұм - 2007 жылғы абитуриент. Оның өлімінің мән-жайы анықталу үстінде. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дәрігерлер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.
Алматы қалалық ПД-ның баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Аталған факті бойынша тергеу шаралары қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда 27 жастағы блогер Айлуна Рақымбекова өз-өзін қол жұмсап, мерт болған болатын. Ол артына хат жазып қалдырған.