Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорын қабылдады

Қазақстан президенті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 15:00 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке университеттегі маман даярлау ісінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалып, келесі жылы 90 жылдығын атап өтетін жоғары оқу орнының стратегиялық даму жоспары таныстырылды, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, қазір университетте жалпы құны 8,1 миллиард теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылып жатыр.

Президенттің мамыр айындағы ҚХР-ға ресми сапары аясында ҚазҰУ-да Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ашу жөнінде келісімге қол қойылған болатын.12 қазанда университет базасында аталған оқу орнының филиалы ашылды.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысына 2024-2026 жылдары ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі іске асырылатыны жөнінде мәлімет берілді. Жаңа қалашықта 8 оқу корпусы, технопарк және 12 жатақхана бой көтермек. Жуық арада 3180 орындық 3 жатақхананың құрылысы басталады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын жақсарту, еліміздің дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыру және университет қалашығын жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: