Алматыда блогер қыз өз-өзіне қол жұмсап, мерт болды

Алматыда жас блогер қыз Айлуна Рахымбекова өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды. 27 жастағы қыз артына хат жазып қалдырған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына сараптама тағайындалғанын нақтылады.
Әртүрлі дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, 11 маусым кешкі сағат 7-де қыздың денесі табылған, бірақ қоғам белсенділеріне қайғылы оқиға жайында 14 маусымда хабарланған. Сондай-ақ қыз өз-өзіне қол жұмсауына кім жеткізгенін атап, артына хат жазып қалдырған.
Сондай-ақ ұялы телефонда қыз бен жігіттің шиеленісті қарым-қатынасын айғақтайтын хабарламалардың көшірмесі жүр.
17 сәуірдегі соңғы жазбасында Рахымбекова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айғақтайтын видео мен суреттер жариялаған. Онда денедегі көгерген іздер және үтіктің ізі болған.
"Бәрін соңына дейін жеткізіп, өмірімді жаңаша бастағаныма ризамын", делінген жазбада.
Айлунаның ата-анасы жоқ. Күйеуінен таяуда ажырасқан. Instagram-дағы парақшасын белсенді жүргізеді. .
Алматы қалалық полиция департаменті аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.
"Сараптама тағайындалды. Істің өзге де мән-жайлары анықталып жатыр". Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript