"Өмір бойы жинаған қаражатым еді". Шымкентте киберполиция зейнеткердің ірі қаражатын алаяқтан сақтап қалды

Сурет: ҚР ІІМ
Шымкенттік "CyberPol" қызметкерлеріне 73 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Айтуынша, оған белгісіз біреулер қоңырау шалып, өздерін құқық қорғаушылар ретінде таныстырып, банк шотындағы күдікті операциялар туралы хабарлаған.

Ал тексеру жүргізу үшін ер адам телефонына белгілі қосымшаны орнатып, SMS-кодты хабарлауы тиіс екенін айтқан.

Қоңырау шалушылардан сезіктенген зейнеткер тәртіп сақшыларына жүгінуді шешкен. Полицейлер бұл алаяқтардың бөтеннің ақшасын онлайн жолмен жымқыру түрі екенін жеткізіп, бірден банкке хабарласып, шот бойынша барлық операцияларды бұғаттады.

"Киберполицейлерге үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Олар жедел және үйлесімді жұмысының арқасында менің үлкен сомадағы қаражатымды сақтап калды. Бұл ақшаны балаларыма көмектесу үшін өмір бойы жинаған едім. Міне, дәл осылай жұмыс істеу керек! Сенім артуға болатын қызметкерлер", – деп алғыс білдірді қала тұрғыны.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты