БҚО-да электр желілерін қалпына келтіруге үкіметтен қанша ақша бөлінгені белгілі болды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Батыс Қазақстан облысындағы алапат су тасқынынан кейін әуедегі электр желілерін қалпына келтіру үшін төтенше резервінен 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаражат табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жою шеңберінде өңірлік бюджетке аударылады. БҚО әкімдігі ҚР Энергетика министрлігіне 1 желтоқсанға дейін қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп беруге тиіс.

Қалпына келтіру жұмыстары келесі учаскелерде жүргізіледі:

1. Бәйтерек ауданындағы Шалғай – Таловая;

2. Кеңтүбек (Григорьевка) – Бөрлі ауданындағы Александровка;

3. Шыңғырлау – Шыңғырлау ауданындағы Ащысай (Мырзагора).

Еске сала кетейік, елімізде болған алапат су тасқыны салдарынан инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым және жолдар бүлінген болатын. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам электрмен жабдықтау тірегі қирап, 54 шақырым желі үзілген. Қазіргі таңда оның 40%-дан астамы қалпына келтірілді, жұмыс жаз айларында қарқынды жалғасып жатыр.

Сондай-ақ бұған дейін Қостанай облысында электр желілерін қалпына келтіруге төтенше резервінен 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы Үкімет қаулысы қабылданған болатын. Қалпына келтіру жұмыстары Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарын қамтиды.

Зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу және инфрақұрылымның барлық түрін қалпына келтіру мәселелері Үкіметтің қатаң бақылауында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

21 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстан тарихының жаңа көптомдығы қашан дайын болады - министр жауабы

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі доллар, еуро және рубль құны қанша