Щучинск қаласында Мазут арыққа ағып жатыр

Сурет: pixabay
Ақмола облысы Щучинск қаласында жылу қазандықтарынан төгілген мазут арыққа ағып жатыр.

Су арнасының ластануына алаңдаған тұрғындар әлеуметтік желіге бейнежазбалар жариялап, тиісті мекемелерден көмек сұрады.

Жауаптылардың мәліметінше, арыққа аққан лас су өзен-көлдерге құйылмайтын көрінеді.

Ал мұндай жағдайға мекеменің 8 тонна сұйық отынды абайсызда төгіп алуы себеп болған. Сол кезде қызметкерлер оны жерге көміп қана амалдаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Дегенмен, биыл орманнан келген қар суы арыққа ағып, сай-саланы толтырғандықтан мазут жер үстіне шыға бастаған.

Мұндай олқылыққа жол берген жылу мекемесі енді айыппұл төлейді.

"Экология департаменті бізге енді тапсырма берді. Ремедиация жоспарын құрастыруға. Сол жоспарды біз 1-ші шілдеге дейін тапсыруымыз керек. Оны қолдағаннан кейін арықты тазалау жұмыстары басталады." Асхат Ілдебаев, серіктестік директоры
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты