"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Сурет: bolashak.gov.kz
Бірінші тағайындау нәтижесі бойынша 138 адам магистратура, 13 адам докторантура бағдарламалары бойынша білім алатын болады, 33 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, іріктеу кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға баса назар аударылды. Оқыту 62 мамандық бойынша жүргізіледі.

Степендия иегерлерінің тізімін мына жерден көре аласыз.

"Биылғы жылы басым мамандықтардың тізімі мемлекеттік органдардың қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау жөніндегі сұраулары негізінде қалыптастырылды. Ауылдық жерлерден шыққан үміткерлерге, инженерлік-техникалық қызметкерлерге, медицина қызметкерлеріне жеңілдікті санаттар қолжетімді",- делінген хабарламада.

Олар оқуды бастамас бұрын 12 айға дейінгі тілдік дайындықтан өте алады, стипендияға құжаттарды тапсырған кезде университеттен шақыру хатының болуы міндетті емес.

"Биылғы жылы өтінімдердің рекордтық саны конкурсқа қатысудың жоғары деңгейін көрсетті. Алдағы уақытта біз конкурсқа іріктеу ережелерін жетілдіріп, құжаттарды ресімдеудің бүкіл процесін цифрландыруды жоспарлап отырмыз. Іріктеу кезеңдерін енгізу және тестілеу түрін өзгерту күтілуде", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова.

Үміткерлер Harvard University, Stanford University, National University of Singapore, University of Pennsylvania, University of Illinois at Urbana-Champaign сияқты әлемдік рейтингтердің топтарына кіретін университеттерге түсті.

Ең көп қызығушылық тудырған мамандықтар:

Бұған дейін 184 қазақстандыққа "Болашақ" стипендиясы тағайындалғаны хабарланған болатын.

Германия
АҚШ
Қазақстан
Ұлыбритания
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз